Біз әлеуметтік желілердеміз

Семейлік Ерасыл Қажыбаев Қазақстан чемпионатында алтын алды

Спорт

Семейлік Ерасыл Қажыбаев Қазақстан чемпионатында алтын алды

Семейлік Ерасыл Қажыбаев Қазақстан чемпионатында алтын алды

Бұл оның биылғы жылы қол жеткізген бірінші жеңісі емес

Елордада Астана әкімдігінің қолдауымен дзюдодан өтіп жатқан Қазақстан Республикасының чемпионатында семейлік Ерасыл Қажыбаев алтын медальді қанжығасына байлады, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Ерасыл 100 келі салмақ дәрежесінде сынға түсті. Ол финалда «Қазақстан Барысы-2017» турнирінің жеңімпазы Еламан Ерғалиевты тізе бүктіртті. Осылайша, жеңіс тұғырының ең биік сатысына көтерілді.

Айта кетейік, бұл оның биылғы жылы қол жеткізген бірінші жеңісі емес. Осыдан төрт күн бұрын ғана Өзбекстан елінде өткізілген халықаралықГран-при жарысында да топ жарып, өз жанкүйерлерін бір қуантып тастаған болатын.

Оқу жалғастыру
Ұқсас мақалалар...

Біз әлеуметтік желілердеміз

Танымал

Пікірлер

Жоғары