“Өнер қырандары” Өскемен туралы әзіл-видео таратты (видео)
Шығысқа алғаш рет келе жатырмыз дейді
Өскеменге гастрольдік сапармен келе жатқан «Өнер қырандары» театрының актерлері көрермендеріне әзіл-видео жолдады,деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Шығысқа алғаш рет келе жатқандарын айтқан әзілқой жігіттер, Өскеменнің суығына тоңатындарын актерлік шеберліктерімен жеткізеді. Қалың киім киіп бүрсеңдеп тұрған олар өскемендіктерге сәлем айтып жатыр.
– Біз жылы бөлмеде тұрмыз ғой, неге тоңып тұрмыз сонда?
– Біз үйткені Өскеменге бара жатырмыз. Шығыстың суығын бармай жатып сезіп тұрмыз, деген сыңайда әзіл айтқан олар, қала тұрғындарын 4 желтоқсан күні Ертіс Концерт сарайындағы әзіл кешіне шақырады.

Пікірлер