Біз әлеуметтік желілердеміз

Денис Улановқа Олимпиаданың қола жүлдесі берілді

Спорт

Денис Улановқа Олимпиаданың қола жүлдесі берілді

Денис Улановқа Олимпиаданың қола жүлдесі берілді

Ашхабадта ауыр атлетикадан өтіп жатқан Әлем чемпионатында жерлесіміз Денис Улановқа салтанатты жағдайда Рио Олимпиадасының қола жүлдесі табысталды.

Естеріңізге салайық, сол додада үшінші орынға румындық зілтемірші Габриель Синкраян ие болған-ды. Кейін оның тыйым салынған препарат қолданғаны анықталып, спортшы қола медальдан айырылған болатын. Осылайша, араға екі жыл салып жүлде Риодағы жарысты төртінші орында аяқтаған Денис Улановқа берілді. Медальді Халықаралық ауыр атлетика федерациясының басшысы Тамаш Аянның өзі табыстады.

– Көңілім толқып тұрғаны рас. Әрине, олимпиадалық тұғырдағыдай сезім боламаса да, осылай салтанатты жағдайда табыс еткендері ерекше бір жайт болды. Тіпті, көк байрағымызды да көтерді, – деді спортшының өзі.

Алайда, Түркіменстан астанасындағы додада Денис Уланов ойдағыдай өнер көрсете алмады. 89 келіге дейінгі салмақта бақ сынаған жерлесіміз қоссайыс қорытындысы бойынша 14-ші нәтиже ғана көрсетті.

Оқу жалғастыру
Ұқсас мақалалар...

Біз әлеуметтік желілердеміз

Танымал

Пікірлер

Жоғары