Біз әлеуметтік желілердеміз

Қазақстан мен Ресей бірлесіп «Үлкен Алтай» жобасын қолға алады

Ынтымақтастық

Қазақстан мен Ресей бірлесіп «Үлкен Алтай» жобасын қолға алады

Қазақстан мен Ресей бірлесіп «Үлкен Алтай» жобасын қолға алады

Ресей тарапы осыған ұқсас жобалар жүзеге асыруды бастап кеткен

Қазақстан мен Ресей бірлескен «Үлкен Алтай» жобасын қолға алуы мүмкін, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі Петропавл қаласында өтіп жатқан Қазақстан мен Ресей арасындағы 15-ші өңіралалық ынтымақтастық форумынан.

Бұл жөнінде Петропавл қаласында өтіп жатқан екі елдің өңіраралық ынтымақтастық форумының баспасөз мәслихатында «Қазақтуризм» ұлттық компаниясы АҚ төрағасының орынбасары Тимур Дүйсенбаев хабарлады.

– Алтай – өркениеттің алтын бесігі. Көптеген халық дәл осы Алтайдан шыққаны тарихи дәлелденген. Сондықтан «Үлкен Алтай» бірлескен жобасын қолға алуымыз өте орынды деп есептеймін. Бұл жоба Алтайды мекен еткен халықтардың арасындағы мәдени байланыстарды жандандыруға көмектесуі тиіс.

Естеріңізге салайық, бүгінде Алтай таулары төрт елдің, атап айтқанда, Қазақстан, Қытай, Моңғолия мен Ресейдің аумағында жатыр. Жаңа жоба бойынша болашақта туристтер осы елдердің әрқайсысына сапарлап, Алтай аумағындағы халықтардың тұрмысымен, мәдениетімен, салт-дәстүрімен және тарихымен жақынырақ танысуға мүмкіндік алмақ.

– Ресей тарапы осыған ұқсас жобалар жүзеге асыруды бастап кеткен. Біз болсақ, «Алтай – өркениет бесігі» атты этнофестивальдің концепциясын әзірледік. Келер жылы аталмыш этнофестивальдің біріншісін өткіземіз деген жоспар бар. Бұл айтулы шара болатыны сөзсіз, – дейді Т.Дүйсенбаев.

Оқу жалғастыру
Ұқсас мақалалар...

Біз әлеуметтік желілердеміз

Танымал

Пікірлер

Жоғары