Біз әлеуметтік желілердеміз

Ресейдің шекаралық аймақтарынан Шығысқа он айда бес мыңнан астам турист келіп қайтқан

Туризм

Ресейдің шекаралық аймақтарынан Шығысқа он айда бес мыңнан астам турист келіп қайтқан

Ресейдің шекаралық аймақтарынан Шығысқа он айда бес мыңнан астам турист келіп қайтқан

Бұл соңғы үш жылмен салыстырғанда 4,5 есе көп

Биылғы 10 айда Шығыс Қазақстанға Ресейдің шекаралық аймақтарынан бес мыңнан астам турист келіп қайтқан. Бұл соңғы үш жылмен салыстырғанда 4,5 есе көп, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Мұны Петропавл қаласында өтіп жатқан Қазақстан мен Ресейдің туристік көрмесі кезінде облыстық туристік ақпарат орталығының мамандарынан сұрап білдік.

Еске салайық, бұл күндері Солтүстік Қазақстан облысының орталығында Қазақстан мен Ресейдің 15-ші өңіраралық ынтымақтастық форумы өтуде. Форум аясында екі елдің туристік әлеуетін паш етуге бағытталған арнайы көрме ұйымдастырылған-ды.

– Шығыс Қазақстанға келетін туристер саны жыл өткен сайын артып келеді. Бұған соңғы жылдары облысымыздағы туристік инфрақұрылымның қарқынды дамуы да өз септігін тигізуде, – дейді облыстық туристік ақпарат орталығының директоры Сымбат Рамазанов.

Оның сөзін ресейлік әріптесі де қолдады. Алтай Республикасының туристік ақпарат орталығы маркетинг бөлімінің меңгерушісі Сергей Поповичтің айтуынша, қазір кері бағытта сапарлаушылары саны да осыдан бірнеше жыл бұрынғымен салыстырғанда анағұрлым артқан.

Сөзсіз, бұған екі өңір арасындағы жолдардың қалпына келтірілуі, сондай-ақ тұрақты жолаушылар тасымалының болуы да ықпалын тигізді. Біз Шығыс Қазақстан облысының ең жақын көршілерінің біріміз. Сондықтан байланысымыз бұдан да тығыз болып, сіздерден бізге, бізден сізге сапарлайтын туристер қарасы жыл сайын арта береді деп сенеміз, – дейді ол.

Оқу жалғастыру
Ұқсас мақалалар...

Біз әлеуметтік желілердеміз

Танымал

Пікірлер

Жоғары