Біз әлеуметтік желілердеміз

ШҚО мен Алтай Республикасының әріптестігін арттыруға бағытталған құжаттарға қол қойылмақ

Шығыс Қазақстан

ШҚО мен Алтай Республикасының әріптестігін арттыруға бағытталған құжаттарға қол қойылмақ

ШҚО мен Алтай Республикасының әріптестігін арттыруға бағытталған құжаттарға қол қойылмақ

Бұл құжаттар болашақта екі өңір арасындағы сауда-экономикалық, әлеуметтік, ақпараттық, көліктік сондай-ақ ауылшаруашылығы салаларындағы байланысты жаңа деңгейге көтеруге мүмкіндік береді

ШҚО мен Алтай Республикасы арасындағы сауда-экономикалық әріптестік нығаяда. Оған бұл күндері Петропавл қаласында өтіп жатқан 15-ші Қазақстан мен Ресейдің өңіраралық ынтымақтастық форумы барысында қол қойылатын бірқатар құжат септігін тигізуі тиіс, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Айта кетейік, екі күнгі созылатын форумға екі ел Президенттерімен бірге, шекаралық өңірлердің әкімдері мен губернаторлары қатысуда. Олардың ішінде Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов те бар.

Аймақ басшысы ертең Ресейдің көршілес Алтай Республикасының губернаторы Александр Бердниковпен бірқатар саладағы әріптестікті нығайтуға бағытталған келісімшарттарға қол қояды деп күтілуде. Бұл құжаттар болашақта екі өңір арасындағы сауда-экономикалық, әлеуметтік, ақпараттық, көліктік сондай-ақ ауылшаруашылығы салаларындағы байланысты жаңа деңгейге көтеруге мүмкіндік береді.

Бұған қоса шара барысында екі өңірдің туристік ақпарат орталықтары арасында әріптестік орнату жөніндегі меморандумға қол қойылады деп жоспарлануда. Аталмыш құжат ақпарат орталықтарына тәжірибе алмасуға, сонымен қатар екі өңірдің туристік әлеуетін насихаттап, жаңа туристік маршруттар ашу бағыттарында бірлесе жұмыс жүргізуіне мүмкіндік бермек.

Оқу жалғастыру
Ұқсас мақалалар...

Біз әлеуметтік желілердеміз

Танымал

Пікірлер

Жоғары