Біз әлеуметтік желілердеміз

Петропавлдағы көрмеге Шығыс Қазақстанның төрт турфирмасы қатысуда

Туризм

Петропавлдағы көрмеге Шығыс Қазақстанның төрт турфирмасы қатысуда

Фото: Тілеубек Шаяхмет

Петропавлдағы көрмеге Шығыс Қазақстанның төрт турфирмасы қатысуда

Қазақстан мен Ресейдің 15-ші өңіраралық ынтымақтастық форумы басталды

Бүгін Петропавл қаласында Қазақстан мен Ресейдің 15-ші өңіраралық ынтымақтастық форумы басталды, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Аталмыш форум аясында ұйымдастырылған екі елдің туристік көрмесіне біздің облыстан төрт туристік фирма қатысуда. Бұл туралы облыстық туристік ақпарат орталығының директоры Сымбат Рамазанов мәлім етті.

– Бүгінгі шараға төрт турфирмамыздың өкілдерін ерте келдік. Олардың көрсететін қызметі сан алуан. Мәселен, «Вояж» туристік фирмасы негізінен қысқы туризм бағытында жұмыс жүргізеді. Сонымен қатар бұл турфирма Катонқарағай мен Риддердегі Батыс Алтай қорығына жаяу экскурсиялар ұйымдастырады. Ал «А-тур» деп аталатын туристік фирма керісінше жазғы демалысқа басымдық беріп келеді. Аталған турфирманың Алакөл жағасында «Holiday» деп аталатын демалыс базасы бар. Бүгінгі шараға қатысып отырған тағы бір фирма «Баян» деп аталады. Бұл фирма пантымен, шөппен емдеу бағытында қызмет көрсетеді. Семейлік «Тоғас-Интурсервис» серіктесітігі Семей өңірінің Жибебай, Қоңырәулие сияқты қасиетті жерлеріне туристік сапарлар ұйымдастырады. Бұған қоса аталмыш фирма соңғы жылдары технотуризм бағытына да көңіл бөле бастады. Енді отандық және шетелдік туристер Курчатов қаласының іргесіндегі Ұлттық ядролық орталыққа, сонымен қатар бұрынғы Семей полигонының аумағына сапарлап қайта алады, – дейді С.Рамазанов.

Оқу жалғастыру
Ұқсас мақалалар...

Біз әлеуметтік желілердеміз

Танымал

Пікірлер

Жоғары