Біз әлеуметтік желілердеміз

ШҚО-да әйел денсаулығына арналған орталық ашылады

Денсаулық сақтау

ШҚО-да әйел денсаулығына арналған орталық ашылады

ШҚО-да әйел денсаулығына арналған орталық ашылады

Онда әйел денсаулығы бойынша республикадағы жетекші мамандармен бірге ғылыми жұмыстар жүргізіледі

ШҚО-да гинекология орталығы ашылады, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Жаңа медициналық мекемені 2019 жылы Өскемендегі Ана мен бала орталығының базасында Семей қаласынан ашу жоспарланып отыр.

Гинекологиялық орталықтың ашылуы халыққа медициналық қызмет көрсету сапасының үшінші деңгейден төртіншісіне өту процессін жеделдете түспек. Онда әйел денсаулығы бойынша республикадағы жетекші мамандармен бірге ғылыми жұмыстар жүргізілетін болады.

-Бұл біздің дәрігерлердің медициналық білімінің деңгейін көтерге септігін тигізеді және жалпы медицинаны кеңінен зерттеуге мүмкіндік береді, – дейді облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Марат Шоранов.

Оның айтуынша, облыстағы Ана мен бала орталығы қажетті техникалармен жабдықталған және еліміздегі үздік медициналық мекемелердің бірі болып табылады. Орталықтың материалдық-техникалық базасы әлі де кеңейтіледі екен. Мұндағы құрал-жабдықтар клиникалық және ғылыми зерттеулерді жүргізуде пайдаланылмақ. Сондай-ақ, педиатрия саласында да Ана мен бала орталығының мүмкіндіктері кеңейе түседі.

Тағы бір айта кететін жаңалық, келер жылдан бастап Денсаулық сақтау басқармасы аудандық медициналық екемелерді де қажетті техникамен жадбықтап, ондағы қызмет көрсету сапасын екінші деңгейге жеткізуді жоспарлап отыр.

Оқу жалғастыру
Ұқсас мақалалар...

Біз әлеуметтік желілердеміз

Танымал

Пікірлер

Жоғары