Біз әлеуметтік желілердеміз

Семейлік кәсіпкер кез келген қызмет пен көмек түрін оңай табатын ұялы қосымша ойлап тапты

Семей

Семейлік кәсіпкер кез келген қызмет пен көмек түрін оңай табатын ұялы қосымша ойлап тапты

Семейлік кәсіпкер кез келген қызмет пен көмек түрін оңай табатын ұялы қосымша ойлап тапты

Ұялы қосымшаны app store жəне рlay market- тен жүктеп алуға болады

“Цифрлық Қазақстан” бағдарламасы аясында Vup.kz мобильді қосымшасы іске қосылды. Тың жобаны семейлік кəсіпкер Ерлан Жақып ойлап тапты. Ол түрлі қызметтер мен көмектің кез келген түрін оңай табатын Қазақстандағы бірегей қосымша

– Бұл қосымша лайықты жұмыс табуға немесе табысы мол жұмыс іздеуге, сондай-ақ үй шаруашылығында қажетті қызмет түрін атқаратын маманға тапсырыс беруге таптырмас көмекші болары даусыз. Бос жұмыс орындары, қызмет көрсету жəне көмек бөлімдерінен сан алуан ақпарат таба аласыз, – дейді жоба авторы Ерлан Жақып.

Ұялы қосымша еліміздің барлық аймақтарын қамтып отыр. Сол секілді 85 қала жəне 163 аудан орталығы енгізілген. “Бос жұмыс орындары” бөлімінде 39 сала бойынша қызмет түрлері қамтылды. Ал “Қызмет көрсету” бөлімінде 112 саланы қамтыған түрлі мамандар қарастырылыпты. Жобаның басты артықшылығы – жаңа ұсыныстарды жəне бос жұмыс орындарын қадағалау үшін əрбір қолданушыға push хабарламалар келіп тұрады екен.

Ұялы қосымшаны app store жəне рlay market- тен жүктеп алуға болады.

Оқу жалғастыру
Ұқсас мақалалар...

Біз әлеуметтік желілердеміз

Танымал

Пікірлер

Жоғары