Біз әлеуметтік желілердеміз

Семейлік екі спортшы әлем чемпионатында қола медаль жеңіп алды

Спорт

Семейлік екі спортшы әлем чемпионатында қола медаль жеңіп алды

Семейлік екі спортшы әлем чемпионатында қола медаль жеңіп алды

Екі күнге созылған дәл осы құрлықтық бәсекеге дүниежүзінің түкпір-түкпірінен 700-ге жуық спортшы келіп қатысты

Семей қаласындағы Шинкиокушинкай каратэ мектебінің өрендері  Сержан Ботабаев пен Әли Берікұлы Астанада өткен каратэ-до кекушинкайдан әлем чемпионатында қола медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Жерлестеріміз ақтық сынға шығу үшін талай халықаралық турнирлердің жеңімпаздарын тізе бүктірткен екен. Алайда жартылай финалда Әли ресейліктен айласын асыра алмады, ал Сержан Армения елінің намысын қорғаған Артур Арушанянға жол берді.

Айта кетейік, екі күнге созылған дәл осы құрлықтық бәсекеге дүниежүзінің түкпір-түкпірінен 700-ге жуық спортшы келіп қатысты. Келесі осындай әлемдік жарыс Польшада өтеді деп жоспарланып отыр.

Оқу жалғастыру
Ұқсас мақалалар...

Біз әлеуметтік желілердеміз

Танымал

Пікірлер

Жоғары