Біз әлеуметтік желілердеміз

Семейлік фотограф Республикалық байқауда топ жарды

Семей

Семейлік фотограф Республикалық байқауда топ жарды

Семейлік фотограф Республикалық байқауда топ жарды

Семейдің аспалы көпірі бейнеленген суреті үздік деп танылды

«QazaqGeography» қоғамдық бірлестігінің тікелей бастамасымен ұйымдастырылған «Менің Қазақстаным» атты Республикалық фотобайқауда семейлік Светлана Артюшина 3–ші орынды иеленіп, 50 мың теңгелік сертификатты қанжығасына байлады, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Бұл конкурста жерлесіміздің күн батып, қас қарайған сәттегі Семейдің аспалы көпірі бейнеленген суреті үздік деп танылды. Картина шынымен де көздің жауын алып, жанға жылуылық сыйлайды. Әсіресе, кешкі уақыттағы көрініс әдемі суреттелген.

Айта кетейік, сайыс төрт аталым бойынша жеңімпаздарды анықтады. Еліміздің әр түкпірінде тұратын фотосуретшілер «Астана», «Табиғат», «Адамдар», «Қалалар» тақырыбына сай келетін ең таңдаулы деген туындыларын «qazaqgeography.kz» сайтына жіберген екен.

Оқу жалғастыру
Ұқсас мақалалар...

Біз әлеуметтік желілердеміз

Танымал

Пікірлер

Жоғары