Біз әлеуметтік желілердеміз

Семейдегі Ленин көшесі әзірге «Мәңгілік ел» бола алмай тұр

Семей

Семейдегі Ленин көшесі әзірге «Мәңгілік ел» бола алмай тұр

Семейдегі Ленин көшесі әзірге «Мәңгілік ел» бола алмай тұр

Ресми түрде ауысқанына жарты жыл уақыт болды

Биылғы жылдың мамыр айында Семейдегі Ленин көшесінің «Мәңгілік ел» болып ауысқаны туралы ресми ақпарат тараған. Содан бері жарты жылдан астам уақыт өтіпті. Бірақ аталмыш көшенің тақтайшалары осы күнге дейін жаңартылмаған болып шықты, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Әрбір ғимараттың қабырғасында әлі күнге дейін «Ленин» деген жазу айрықша көзге түсіп, жарқырап тұр.

Әлеуметтік желіде семейліктер көше атауының ауыспай жатқанына байланысты өздерінің кереғар пікірлерін көптеп жазуда. Түптеп келгенде, барлығының көкейінде бір ғана сұрақ: «Қашан көше атауы толық өзгереді?».

Осы мәселеге орай Семей қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Назерке Аққожина «Жас Алаш» Республикалық газетіне берген сұхбатында:

-Оның түрлі заңдылық кезеңдері бар. Ономастикалық комиссиялар қарайды, Үкімет тарапынан мақұлданады дегендей… Сонымен бірге тақтайшаларын ауыстыруға қатысты тендер өтеді, қаржы қарастырылады. Енді нақтысына көшкенде көшені жаңа атауларымен ашуды 1 желтоқсан- Президент күніне орайластырып отырмыз. «Мәңгілік ел көшесі» тақтайшалары әзірлену үстінде, – деген екен.

Оқу жалғастыру
Ұқсас мақалалар...

Біз әлеуметтік желілердеміз

Танымал

Пікірлер

Жоғары