Біз әлеуметтік желілердеміз

Кеше Ұлан ауданы, Тарғын ауылында 8 үйдің шөбі жанып кетті (видео)

Оқиғалар

Кеше Ұлан ауданы, Тарғын ауылында 8 үйдің шөбі жанып кетті (видео)

Кеше Ұлан ауданы, Тарғын ауылында 8 үйдің шөбі жанып кетті (видео)

Кеше ШҚО-дағы Ұлан ауданына қарасты Тарғын ауылындағы бірнеше үйдің шөбін тілсіз жау тып-типыл етті. Әзірге өрттің шығу себебі белгісіз, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

– Ауданнан арнайы комиссия құрылды. Өрттің шығу себебі көп ұзамай анықталады. Шөбі өртенген үйлерге көмек көрсету жағын қарастырып жатырмыз, өртті сөндіруге 8 өрт сөндіру машинасы жұмылдырылды.– дейді аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Болатбек Мамарбаев.

Жергілікті тұрғандар берген бейресми мәліметтерге сүйенсек, ауылда көрші орналасқан сегіз үйдің қысқа дайындаған шөбі жанып кеткен.

Жағдайдың жай-жапсарын сұрап, ауыл әкімі Ғалым Амановқа қоңырау шалған едік. Өрттің шығу себебін анықтау үшін комиссия құрылғанын айтқан ауыл басшысы, әзірге қандай да бір нақты ақпарат бере алмайтынын жеткізді.

– 400 шаршы метр аумақты шарпыған өрт 120 тонна шөпті жалмады. Өртті сөндіруге өрт сөндіру қызметінің 6 техникасы мен Асу-Бұлақ орман шаруашылығының 2 техникасы жұмылдырылды, – деп мәлімдеді ШҚО ТЖД баспасөз қызметі.

Оқу жалғастыру
Ұқсас мақалалар...

Біз әлеуметтік желілердеміз

Танымал

Пікірлер

Жоғары