Біз әлеуметтік желілердеміз

Брайан Байрос зайсандықтарға бір ай тегін ағылшын тілін үйретеді

Аудандар

Брайан Байрос зайсандықтарға бір ай тегін ағылшын тілін үйретеді

Брайан Байрос

Брайан Байрос зайсандықтарға бір ай тегін ағылшын тілін үйретеді

Осы уақытқа дейін жүздеген мемлекетті аралап, саяхаттаған жігіт Қазақстанға алғаш рет келіп отыр

Брайан Байрос (Brian Biros) есімді америкалық жігіт зайсандық оқушыларға бір ай бойы тегін ағылшын тілін үйретпек. Бүгін Өскеменге ұшып келген америкалық азаматты “Нұр Отан” партиясының өкілдері, журналистер мен Зайсан ауданы білім бөлімінің қызметкерлері әуежайдан қарсы алды, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Айта кету керек, биыл Қазақстанның барлық аймақтарында, әсіресе, шалғайдағы ауылды жерлерде “Нұр Отан” партиясындағы “Жас Отан” жастар қанаты “English for Jastar” жобасын қолға алған болатын. Қазіргі таңда аталған жоба облыстың Аягөз, Бородулиха, Зырян, Зайсан, Катонқарағай және Үржар аудандарында жүзеге асырылуда. Брайан Байрос осы жоба аясында зайсандық оқушыларға ағылшын тілінде ауызекі сөйлеуді үйрететін болады. Өзінің айтуынша, Брайанның негізгі мамандығы инженер көрінеді.

– Инженер болып жұмыс істегенде мен түрлі адамдармен әріптес бола жүріп, тәжірибе жинадым. Балаларға ағылшын тілін үйрету – бұл менің өзімнің қалауым, – дейді ол.

Осы уақытқа дейін жүздеген мемлекетті аралап, саяхаттаған жігіт Қазақстанға алғаш рет келіп отыр.

Оқу жалғастыру
Ұқсас мақалалар...

Біз әлеуметтік желілердеміз

Танымал

Пікірлер

Жоғары