Біз әлеуметтік желілердеміз

Жексенбі күні күршімдіктер 12 сағаттан артық уақыт паром күтті

Шығыс Қазақстан

Жексенбі күні күршімдіктер 12 сағаттан артық уақыт паром күтті

Жексенбі күні күршімдіктер 12 сағаттан артық уақыт паром күтті

Кеше 21 қазан күні Күршімнен Өскеменге жол тартқан халық таңғы сағат 10:30-дан түнгі сағат 3:00-ге дейін (22 қазан) паром тосып тұрған, деп хабарайды Алтайньюс тілшісі.

Фейсбук, Инстаграм сынды әлеуметтік желілерде осындай видео таралды.

Куәгерлер сөзінше, таңғы сағат 10-нан бастап жиналған халық түннің бір уағына дейін паром күткен. Паромның жүрмей қалуына қатты жел себеп болған көрінеді.

– Сағат 11:00-де Күршімнен Өскеменге қарай жүретін паромды межелеп, таңғы сағат 10-да Күршімнен шықтық. Межелі жерге жарты сағат уақытта жетсек, екі паром да біз жақта тұр екен. Бірақ біреуі ғана жүріп тұрғаны белгілі болды. Оның өзі дәл осы сәтте желге байланысты тоқтап тұрды. Солайша күттік. Түс болды. Түс ауды… Кейбіреулер айналма жолмен (Зырян жақпен) кете бастады. Ал күтушілердің кейбірінің қарны ашқандықтан, Күршімдегі туыстары оларға тамақ әкеліп берді. Осылайша біз кешкі сағат 20:00-ге дейін тұрып, кері қайттық. Өткелге 22 қазан күні түнгі сағат 3:00-де қайта бардық. Көлік сонда да қаптап тұр екен. Жел де кешегі екпінінде. Жұмысымыздан қалатын болғандықтан, біз де Зырян айналып жүруге бел байладық. Содан Үлкен Нарынға жеткенімізде өткел ашылып, паром жүре бастағанын естідік. Енді кеш еді, – дейді видео авторы.

Оның сөзінше, күзгі суықта паром күткен халықтың қатарында бала көп болыпты.

“Паромның жағасында 10 сағат тұрып кері қайттып бара жатырмыз. Бізді қойшы үйімізге (Күршімге) бара салармыз. Ал жағаның арғы жағына келіп қойғандарға қайтпек керек? Бұл бірінші жағдай емес. Айтыңдарш не істеп тұр мынаншама халық қара күзде, желдің өті мен жаңбырдың суында” деп жазады Назерке Кайролданова есімді Фейсбук қолданушысы.

 

Оқу жалғастыру
Ұқсас мақалалар...

Біз әлеуметтік желілердеміз

Танымал

Пікірлер

Жоғары