Біз әлеуметтік желілердеміз

Жаяу жүргіншіні қағып, қашпақ болған мотоциклші соққыға жығылды (видео)

Оқиғалар

Жаяу жүргіншіні қағып, қашпақ болған мотоциклші соққыға жығылды (видео)

Бейнежазба: "Оса Семей"

Жаяу жүргіншіні қағып, қашпақ болған мотоциклші соққыға жығылды (видео)

Оқиға Семей қаласында болған

Кеше Семейдегі Қабанбай батыр көшесіндегі жаяу жүргіншіні мотоциклмен қағып кеткен 22 жастағы жігіт әкімшілік жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Мотоциклші зардап шеккен адамға көмек көрсетудің орнына, лезде ізін суытпақ болған.

Алайда бірнеше автокөлік жүргізушілері оны қуып жетіп, қолға түсірді. Арасында ашуға булыққан біреуі құқық бұзушыны соққыға жығады.

Анықталғандай, мотоциклші өзін соққыға жыққан адамның үстінен арыз-шағым түсірмеген болып шықты.

Айта кетейік, арқа тұсы жараланып, облыстық ауруханалардың біріне жеткізілген 1978 жылғы азаматшаның денсаулығы біртіндеп жақсарып келеді.

Мотоциклдің жүргізушісіне қатысты ҚР ӘҚК 610- бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырылып отыр (20-60 АЕК мөлшерінде айыппұл).

 

Оқу жалғастыру
Ұқсас мақалалар...

Біз әлеуметтік желілердеміз

Танымал

Пікірлер

Жоғары