Біз әлеуметтік желілердеміз

“Көктен түскен атау емес”. Зыряндық ұстаздар мен кәсіпкерлер “Алтайға” қолдау білдірді

Шығыс Қазақстан

“Көктен түскен атау емес”. Зыряндық ұстаздар мен кәсіпкерлер “Алтайға” қолдау білдірді

Сурет: Тілеубек Шаяхмет

“Көктен түскен атау емес”. Зыряндық ұстаздар мен кәсіпкерлер “Алтайға” қолдау білдірді

ШҚО әкімі Даниал Ахметов бүгін жұмыс сапарымен Зырян ауданына барды

ШҚО әкімі Даниал Ахметов бүгін жұмыс сапарымен Зырян ауданына барды. Ауданы активінің жиынында Елбасы Жолдауының іске асырылу барысы талқыланды, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Жиында сөз алған №6 орта мектеп директорының орынбасары Людмила Валовой ұстаздар Жолдауды қуана қабылдағандарын жеткізді. Ауданның жеті мектебінде заманауи пəндік сыныптар, 10 мектебінде роботты техника кабинеті ашылған. Мұғалім мəртебесі туралы заңды да педагогтар ұзақ күткен болатын. Сондай-ақ, ұстаз қаланың жаңа атауын көпшілік жылы қабылдағанын алға тартты. Алтай жаңа атауы өңір дамуына жаңа серпін беруі тиіс деп атап өтті ол.

Келер жылы Зырян қаласының аулалары жөнделе бастайды. 2019 жылдан бастап Зырян аулалары Өскемен мен Семейдің үлгісінде абаттанады. Аймақ басшысы аудан əкіміне осындай міндет жүктеді. Аулаішілік жолдар 3 метрден 6 метрге кеңейтіледі, 1 пəтерге 1,5 көлік тұрағы жасалады. Сондай-ақ, келесі жылы шаһар қазандығы 6 миллиард теңгеге жаңартылады. Облыс əкімі бұл ретте жұмыстардың сапасына мəн берілу керектігін атап айтты.

Зыряндық кəсіпкерлер Алтай атауының ұнайтындықтарын айтты. Жергілікті “Плюс” ЖШС басшысы Сергей Смирнов Зырян қаласының тумасы екенін айта отырып, жаңа атауды қолдайтынын жеткізді.

– Əртүрлі пікірлер айтылды. Менің ойымша Алтай атауы құлаққа да жағымды, əлемге де əйгілі. Осы жердің байырғы атауы да нақ осы Алтай ғой. Бізге еш жаттығы жоқ, етене таныс атау. Көктен түскен атау емес. Бізде туризмді дамыту қажет, ол үшін инвестиция керек. Жаңа атау сол қаржының келуіне септеседі деп сенемін, – деді ол. Активке қатысушылар кəсіпкер пікірін ду қол шапалақпен қуаттады.

Біз әлеуметтік желілердеміз

Танымал

Пікірлер

Жоғары