Біз әлеуметтік желілердеміз

Романовка – Жақсылық, Вторая Пятилетка – Жарбұлақ деп аталатын болды

Шығыс Қазақстан

Романовка – Жақсылық, Вторая Пятилетка – Жарбұлақ деп аталатын болды

Романовка – Жақсылық, Вторая Пятилетка – Жарбұлақ деп аталатын болды

Облыстық қоғамдық кеңестің отырысында бұл ұсыныстар да қолдау тапты

Бородулиха және Глубокое аудандарындағы кейбір елді мекендердің тарихи атаулары қайтарылды. Романовка селосы Жақсылық, Вторая Пятилетка селосы енді Жарбұлақ деп аталатын болады, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

– Елдімекеннің байырғы тұрғындарының айтысына қарағанда, Подборное ауылдық округіне қарасты Романовка селосының тарихи атауы Жақсылық екен. Ал Вторая Пятилетка ауылы жардың маңында орналасқандықтан, төменде бұлақ ағып жатыр. Ауыл тұрғындары деген  Жарбұлақ деген атау ұсынып отыр. Бұл атау жағрапиялық орналасуы жағынан дөп келеді, – дейді облыстық тілдерді дамыту жөніндегі басқарманың ономастикалық жұмыс және талдау бөлімінің басшысы Роза Төлемісова.

Сонымен қатар, Глубокое ауданындағы Фрунзе ауылдық округының атауын Тархан ауылдық округіне алмастыру туралы ұсыныс та ауыл ақсақалдары тарапынан түсіпті. Көп жылдан бері олардың өздері осы атауды қолданып жүрген көрінеді. «Тархан» түркі сөзі, «салық төлеуден босатылған адам» немесе « еркін адам», «әскери қолбасшы» сияқты мағыналарды білдіреді екен. Ерте заманда осы елді мекенде Тархан қызметін атқарған адам не болмаса саудагер тұрған болуы керек, сол себепті округ орталығы ертеден Тарханка деп аталады. Жергілікті тұрғындардың бір ауызды келісімінің нәтижесінде, ауылдық округтің атауы да Тархан болып өзгертілді.

Облыстық қоғамдық кеңестің отырысында бұл ұсыныстар да қолдау тапты.

Оқу жалғастыру
Ұқсас мақалалар...
Айна Ескенқызы

"Omnia, quae volo, adipiscar."

Біз әлеуметтік желілердеміз

Танымал

Пікірлер

Жоғары