Біз әлеуметтік желілердеміз

Банктерге құйылатын қаржының жартысы зейнетақы қорынан алынады екен

Экономика

Банктерге құйылатын қаржының жартысы зейнетақы қорынан алынады екен

Банктерге құйылатын қаржының жартысы зейнетақы қорынан алынады екен

Бұл туралы қаржы министрі Әлихан Смайылов құлағдар етті

Елбасы биылғы Жолдауында екінші деңгейлі банктерге қолдау көрсету үшін 600 миллиард теңге бөлуді тапсырды деп мәлімдеген едік. Ол қаражаттың жартысы Біріңғай жинақтаушы зейнетақы  қорынан бөлінетін болды, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Бұл туралы қаржы министрі Әлихан Смайылов құлағдар етті.

– Ұлттық банк бұл қаражаттың жартысын БЖЗҚ қорынан бөлмекші, ал жартысын банктің өзі аударады. Ол қаражат екінші деңгейлі банктерге қайтарылма негізде коммерциялық және нарықтық мөлшерлемемен беріледі. Қазір біз сол қаражатты жұмсау механизмін дайындауымыз қажет, – деді Ә.Смайылов.

Министрдің айтуынша, бұл қалыпты жағдай. Әлемнің бүкіл елінде осындай жүйе бар дейді. Қордағы қаражатты өзіміздің экономикамызға нарықтық мөлшерлемемен инвестициялау керек екенін алға тартты Смайылов.

Оқу жалғастыру
Ұқсас мақалалар...

Біз әлеуметтік желілердеміз

Танымал

Пікірлер

Жоғары