Біз әлеуметтік желілердеміз

ШҚО спортшылары Әлем чемпионатында топ жарды

Спорт

ШҚО спортшылары Әлем чемпионатында топ жарды

ШҚО спортшылары Әлем чемпионатында топ жарды

Болгарияның Варна қаласында өрт сөндіру-құтқару спортынан өткен жастар арасындағы Әлем чемпионатында жерлестеріміз тамаша нәтиже көрсетті, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Бұл додаға ұлттық құрама сапында төрт шығысқазақстандық спортшы қатысқан болатын. Оның екеуі жүлделі орындардан көрінді. Дәлірек айтсақ, Мұрагер Асылов пен Даниил Лунин Әлем біріншілігінің алтын медаліне ие болды.

Осылайша, «Жауынгерлік дайындықты күшейту» санатында сынға түскен жерлестеріміз ел қоржынына аталмыш дисциплинадағы тұңғыш алтынды сала білді. Бұған дейін қазақстандық спортшылар мұндай белесті бағындырып көрмепті.

Оқу жалғастыру
Ұқсас мақалалар...

Біз әлеуметтік желілердеміз

Танымал

Пікірлер

Жоғары