Біз әлеуметтік желілердеміз

Красная Шемонайха ауылына “Қызылқұм” деген атау берілуі мүмкін

Қоғам

Красная Шемонайха ауылына “Қызылқұм” деген атау берілуі мүмкін

Шартты сурет

Красная Шемонайха ауылына “Қызылқұм” деген атау берілуі мүмкін

Ауыл-аймақ атауларын өзгертуге байланысты әр елді мекенде қазанның аяғы-қарашаның басында қоғамдық жиналыс өтеді

Шемонайха ауданы идеологиялық тұрғыдан ескірген көше атауларымен біржола қоштаспақ, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Осыған дейін Первомайка ауылындағы көше атауларының өзгеретіні туралы мәлімдеген едік. Енді аудан басшылығы кемінде 10 елді мекеннің көше атауларын ауыстыруды жоспарлап отыр. Олардың қатарында Шемонайханың өзімен бірге Зевакино ауылы, Убинка, Новая Убинка, Рассыпное, Коневка, Рулиха, Разинский және Выдрихинский ауылдық округтері бар.

Сондай-ақ жауық арада Красная Шемонайха ауылының атауы өзгеруі мүмкін. Аталған ақпарат аудан әкімінің ресми сайтында жарияланған. Бұдан бұрынырақта аталмыш елді мекенді «Қызылқұм» деп атау ұсынылған көрінеді. Бұл туралы  yk-news  сайты жазады.

Ауыл-аймақ атауларын өзгертуге байланысты әр елді мекенде қазанның аяғы-қарашаның басында қоғамдық жиналыс өтеді.

Оқу жалғастыру
Ұқсас мақалалар...

Біз әлеуметтік желілердеміз

Танымал

Пікірлер

Жоғары