Біз әлеуметтік желілердеміз

“Не үшін 80 теңге төлейміз?” Семейліктер автобустардың сапасын сынға алды

Семей

“Не үшін 80 теңге төлейміз?” Семейліктер автобустардың сапасын сынға алды

“Не үшін 80 теңге төлейміз?” Семейліктер автобустардың сапасын сынға алды

«Бағасы Астанамен, сапасы ауылдағы ат арбамен тең»

Семей қаласының жұртшылығы Facebook әлеуметтік желісіндегі «Семей-Семипалатинск онлайн» тобында қоғамдық көлік пен онда көрсетілетін қызметтің сапасын сынға алды, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

– Біз не үшін автобусқа 80 теңге төлейміз? Соны түсіндіріп беретін біреу бар ма? Қоғамдық көліктер таза, жайлы болады, аялдамаларды екі тілде хабарлайды және тағы да басқа ұқсас уәделер берілді. Мынау № 56-шы бағыттағы автобус, – деп жазады желі қолданушысы.

Оның наразылығын тудырған – автобустағы лас еден жуғыштар. Көліктердің жағдайын ешкім қадағаламайтынына ашулы екенін жеткізіп отыр.

-Халықты тобыр секілді көреді. Автобуста еден жуғышпен құшақтасып жүруге мәжбүрміз, – дейді ол.

Бұл постқа қала тұрғындары да өз пікірлерін қостап, жазды. Барлығының қоғамдық көліктің сапасына көңілі толмайды екен. Біреулері автобустардың іші-сырты лас деп шағымданса, кейбіреулері көліктің кешігіп, ақырын жүретінін айтуда.

«Таңертең жұмысқа әзер жетіп, кешке үйге әзер қайтамыз»,  «Бағасы Астанамен, сапасы ауылдағы ат арбамен тең» деген пікірлер жаудырып жатыр.

Естеріңізге сала кетсек, жаз мезгілінің орта кезінде қала басшысы Ермак Сәлімов қоғамдық көліктерге рейд жүргізіп, апта сайын тексеріп отыруға уәде еткен еді.

 

Оқу жалғастыру
Ұқсас мақалалар...

Біз әлеуметтік желілердеміз

Танымал

Пікірлер

Жоғары