Біз әлеуметтік желілердеміз

Өскемендік музыкант Батырхан Шүкенов атындағы шәкіртақыны иеленді

Өнер

Өскемендік музыкант Батырхан Шүкенов атындағы шәкіртақыны иеленді

Өскемендік музыкант Батырхан Шүкенов атындағы шәкіртақыны иеленді

Аталмыш шәкіртақы Болат Өтемұратов Қорының қолдауымен беріледі

Өскемендік музыкант Артур Бемм Батырхан Шүкенов атындағы шәкіртақыны иеленді, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Аталмыш шәкіртақы Болат Өтемұратов Қорының қолдауымен беріледі. Бір ай бұрын Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының сайтында шакәртақыны тағайындау үшін қойылатын талаптар жарияланып,  үрмелі және ұрмалы аспаптар кафедрасының студенттері арасынан асқан таланттар ізделген болатын.

Тәуелсіз қазылар алқасының шешімімен бес музыкант 500 мың теңге көлеміндегі шәкіртақының иегерлері атанып отыр. Оның біреуі Өскемен қаласының тұрғыны Артур Бемм.  Ол саксафон аспабын шебер меңгеруімен қатар әртістік қабілетімен де қазылар алқасын баурап алған екен.

Айта кетсек, Артур Бемм залық әртістері ағайынды Абдуллиндер атындағы Шығыс-Қазақстан өнер училищесін тәмамдаған. Қазір Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясында оқуын жалғастыруда.

Оқу жалғастыру
Ұқсас мақалалар...

Біз әлеуметтік желілердеміз

Танымал

Пікірлер

Жоғары