Біз әлеуметтік желілердеміз

Ақтамберді жыраудың жетінші ұрпағы Үржарда тұрады

Тарих

Ақтамберді жыраудың жетінші ұрпағы Үржарда тұрады

Жанатбек Ақынтаев

Ақтамберді жыраудың жетінші ұрпағы Үржарда тұрады

Ақтамберді бабамыз екі әйел алған адам көрінеді.

Жанатбек Ақынтаевтың жасы 56-да, Ақтамберді батырдың тікелей жетінші ұрпағы. Оның әкесі Мұхаметқали Ақынтаев1942 жылы ұлы Отан соғысына аттанып,туған өлкесі-Таскескенге Жеңіспен оралған жан еді. Ол кісі 1910 жылы дүниеге келіп, 40 жыл ұстаздық етті. Тоқсан жасында дүниеден озды. Батырдың жетінші ұрпағы Жанатбек Мұхаметқалиұлының айтуынша, Найман руынан тарайтын Сыбанның Бөрі, Бөлтірік деген ұлдары болыпты. Бөрі жаугершілікте опат болғасын оның жесірін Бөлтірікке әпереді. Одан Сақадам, Сары атты екі ұл туады. Сақадамнан алты ұл дүниеге келеді де, Сарыдан жалғыз Ақтамберді бабамыз екен.

-Жастайынан жетім қалған ол нағашылары Бердіке батырдың қолында тәрбиеленіпті,-дейді Жанатбек, -Әкелеріміз айтып отырушы еді. Ақтамберді бабамыз екі әйел алған адам көрінеді.Біріншісінен Қабылан, Жолбарыс, Еділ, Бойтан, Жамбай атты бес ұл туса, екіншісінен Арық, Көлен, Бабай, Аян есімді төрт ұл дүниеге келеді. Осылардың барлығының ұрпақтары бүгінде Алматы, Таскескен, Аягөз, Шыңқожа, Ай, Алтыншоқы ауылдарында тұрады. Бүкіл өмірін ат үстінде елін жаудан қорғаумен өткізген Ақтамберді Сарыұлы 1675 жылы оңтүстікте, Қаратау маңында дүниеге келіп, 1768 жылы Семей өңірінің Шыңғыстау бөктеріндегі Жүрек жота деген жерде қайтыс болады.

Ал Ақтамберді Сарыұлының тікелей ұрпағы Мұхаметқали Ақынтаевтан бүгінде Марат, Жанатбек атты екі ұл, Бәдигүл, Нұргүл, Ләззат, Гүлзира атты төрт қыз қалған. 1944 жылы туған Марат Ақынтаев Таскескен ауылында тұрады да 1962 жылғы Жанатбек Үржар ауылында. Қабыланнан тараған Қайрат, Бораш Сепбосыновтар да үлкен қызметкерлер.

Оқу жалғастыру
Ұқсас мақалалар...

Біз әлеуметтік желілердеміз

Танымал

Пікірлер

Жоғары