Біз әлеуметтік желілердеміз

Аягөзде мемлекеттен грант ұтып алған кәсіпкерлердің саны көп

Әлеумет

Аягөзде мемлекеттен грант ұтып алған кәсіпкерлердің саны көп

Аягөзде мемлекеттен грант ұтып алған кәсіпкерлердің саны көп

Аягөздіктер «Бизнестің жол картасы» бағдарламасының 2025 жылға дейін ұзартылғанына қуанышты. Себебі, осы уақытқа дейін аталмыш бағдарлама аясында бірқатар кәсіпкер қолдау көріп отыр, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Ал жыл басынан бері, субсидиялау бағытында – Аягөз қаласында тігін цехын ашу үшін 14 млн.теңге несие алып, ЖК Абдрахманова «Тігін цехын ашу» үшін алған несиесінің 200 мың тг субсидияласа, несиелерді кепілдендіру бойынша оның 3,85 млн теңгесі кепілденген. Грант беру бойынша Сарыарқа ауылдық округінен «Барс» шаруа қожалығы басшысы Н. Құдайбергенов «Өндіретін өнімдердің ассортиментін ұлғайту» жобасы бойынша 2,7 млн теңге грант ұтып алды. Өткен жылы Ақшәуліден «Мустахит» шаруа қожалығы 3,0 млн теңге грант ұтып алған еді.

Бизнестің жол картасы бағдарламасы бойынша ағымдағы жылдың тамызында «Ерғалий и К»-75,0 млн және «Самық 89»-73млн теңгеге 2 жоба «Даму» қоры бойынша мақұлданған болатын. «Ақ ниет» аумақтық бағдарламасы бойынша ЖК Ошақбаева «Қонақ үй бизнесін кеңейту» жобасы-10 млн тг. құжаттарын екінші деңгейлік банкіге қарауға тапсырылып отыр.

Гауһар Темірбаева ( аудандық кәсіпкерлік және ауылшаруашылық бөлімінің бас маманы),

«Бизнестің жол картасы бағдарламасы» кәсіпкерлер үшін зор қолдау болды. Біздің бөлімге кәсібін дөңгелеткісі келетін, болмаса өрісін кеңейтіп бизнесің ұлғайтқысы келетін түрлі жандар келеді. Әрине, олар үшін түрлі тәсілдер бар. Бұл Елбасымыздың кәсіпкерлерге зор қолдау білдіретінің көрінісі деп білемін. Мысалы, аталмыш бағдарлама енгізілгеннен бері 14 жоба іске асып, ауданға 1 млрд-тан астам инвестициа тартылды. Оған қоса, 74 адам жұмыспен қамтылды.

Оқу жалғастыру
Ұқсас мақалалар...

Біз әлеуметтік желілердеміз

Танымал

Пікірлер

Жоғары