Біз әлеуметтік желілердеміз

ШҚО театрының актері құдыққа түсіп кеткен итті құтқарды (фото, видео)

Оқиғалар

ШҚО театрының актері құдыққа түсіп кеткен итті құтқарды (фото, видео)

Фотосуреттер мен бейнематериал: @vestnik_official

ШҚО театрының актері құдыққа түсіп кеткен итті құтқарды (фото, видео)

Шалқар Арыстанбеков

ШҚО драма театрының актері Шалқар Арыстанбеков су толған құдыққа құлап кеткен итті құтқарып қалды, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Оқиға «Вестник Компании» газеті кеңсесінің жанында орын алған екен. Құдыққа түсіп кеткен итті редакция қызметкерлері байқап қалыпты. Осы маңайда тұратын тұрғындар оның түні бойы шұңқырдан шыға алмай, қаңқылдағанын айтқан.

Құдықтың жанына жиналып қалған адамдар оны құтқарудың жолын ойластырып тұрғанда, сол жерден өтіп бара жатқан жас жігіт бұларға қалай бет алады. Ол  жерге жата қалып, жиналғандардан аяғынан ұстап тұруларын сұрайды. Осылайша құдықтың ішіне түсіп, итті көтеріп алып шығыпты.

Анықталғандай, итті құтқарып қалған драма театр актері Шалқар Арыстанбеков екен.

Оқу жалғастыру
Ұқсас мақалалар...

Біз әлеуметтік желілердеміз

Танымал

Пікірлер

Жоғары