Біз әлеуметтік желілердеміз

Семейге ҚР Премьер-министрі Бақытжан Сағынтаев келді

Семей

Семейге ҚР Премьер-министрі Бақытжан Сағынтаев келді

Семейге ҚР Премьер-министрі Бақытжан Сағынтаев келді

Бұл жолғы сапардың негізгі мақсаты Семей қаласындағы көптеген әлеуметтік және өнеркәсіптік нысандарды аралау мен ҚР Президенті Жолдауының міндеттерін түсіндіру болып табылады

Бүгін ҚР Премьер-министрі Бақытжан Сағынтаев жұмыс сапарымен Семей шаһарына келді , деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Бұл жолғы сапардың негізгі мақсаты Семей қаласындағы көптеген әлеуметтік және өнеркәсіптік нысандарды аралау мен ҚР Президенті Жолдауының міндеттерін түсіндіру болып табылады.

Бақытжан Әбдірұлы таңертең ерте 2016 жылғы желтоқсанда «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы аясында басталған Семейдегі әуежайдың реконструкциялау жұмыстарымен танысты.

Бұдан кейін Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметовпен бірге «Daewoo bus Kazakhstan» кәсіпорнына ат басын бұрып, сол жердің қазіргі ахуалын өз көзімен көріп қайтты.

Бұл зауыт елімізде 2007 жылдан бастап жұмыс жасай бастады. Бүгінгі таңда дәл осы жерде құрастырылатын қоғамдық көліктердің сапасы өте жақсы. Сол себептен жыл сайын автобустарды сатып аламыз деп ниет білдіріп отырған компаниялардың саны күннен күнге арта түсуде.

Айта кетейік, осыған дейін Премьер-Министр Мемлекет басшысының тапсырмасымен Солтүстік Қазақстан, Батыс Қазақстан Қазақстан мен басқа да өңірлерде болды.

Біз әлеуметтік желілердеміз

Танымал

Пікірлер

Жоғары