Біз әлеуметтік желілердеміз

ШҚО-дағы сарбаздар “Бауыржаннан қалған батыр рух!” атты «челлендж» жариялады

Әскер

ШҚО-дағы сарбаздар “Бауыржаннан қалған батыр рух!” атты «челлендж» жариялады

ШҚО-дағы сарбаздар “Бауыржаннан қалған батыр рух!” атты «челлендж» жариялады

Челленджді барлық қазақстандықтар кез-келген тілде жалғастыра алады

Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы “Шығыс” өңірлік қолбасшылығының әскерилері халық қаһарманы Бауыржан Момышұлының насихат сөздерін жатқа айтудан “Бауыржаннан қалған батыр рух!” атты «челлендж» жариялады, деп хабарлайды Алтайньюс.

Ролик авторларының айтуынша челленджді барлық қазақстандықтар кез-келген тілде жалғастыра алады.

– Біз бұл «челленджді» жастардың отансүйгіштік рухын көтеру мақсатында қолға алдық. Халық қаһарманы Бауыржан Момышұлының соңынан қалған ерліктері мен кейінгіге өлмес өнеге болып қалған насихат сөздерін тек 7-9 мамырда ғана еске алмай, ертеңіміз үшін бүгіннен бастап барынша насихаттай беруіміз керек! – дейді «Шығыс» өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметі бастығы Бағдат Амангелді.

Жобаға бастамашы болған «Шығыс» өңірлік қолбасшылығы қолбасшысының тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстары жөніндегі орынбасары полковник Әлкешев Ниязтай Болатұлы 3 минуттық роликте батыр бабамыздың насихат сөздерін патрульдік қызметте жүрген сарбаздар, арнайы жасақ бөлімі офицері, рота командирі, қарауыл бастығы, кинология қызметі маманы, құрмет қарауылының офицерлері жатқа оқиды.

Бейнероликтің түсіріліміне Ұлттық ұланның «Шығыс» өңірлік қолбасшылығына қарасты Өскемен горнизонында орналасқан 3 бірдей әскери бөлім қатысқан.Атап айтқанда, қаладағы қоғамдық қаупісіздікті күзететін 5518 әскери бөлімі, аса маңызды мемлекеттік нысандарды күзететін 3477 әскери бөлімі, сонымен қатар, қылмыстық-түзеу мекемелерін күзету міндетін атқаратын 6699 әскери бөлімі.

Оқу жалғастыру
Ұқсас мақалалар...

Біз әлеуметтік желілердеміз

Танымал

Пікірлер

Жоғары