Біз әлеуметтік желілердеміз

Семейде биыл көпқабатты 3 үй мен балабақша қолданысқа беріледі

Семей

Семейде биыл көпқабатты 3 үй мен балабақша қолданысқа беріледі

Фотосуреттер мен бейнежазбалар автордыкі

Семейде биыл көпқабатты 3 үй мен балабақша қолданысқа беріледі

Алдағы уақытта 90 көпқабатты үй мен ондаған әлеуметтік нысандар бой көтермек

Семей қаласында «Қарағайлы» жаңа ықшам ауданында осы жылдың аяғына дейін 3 тұрғын үйдің құрылысы аяқталып, үлескерлер баспаналарына қол жеткізеді. Бұнымен қоса биылдан қалмай 320 орындық жаңа балабақша пайдалануға беріледі. Бұл балаларға арналған шығын орталықты салуға шамамен 900 миллион теңгедей қаражат жұмсалып отыр екен.

Осы ретте, пәтерді сатып аламын деп ниет білдіріп отырған тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің салымшылары ауданның қазіргі ахуалын өз көздерімен көріп қайтты.

-Қарағайлыдан үй аламыз деп жоспарлағанымызға екі жылдай болды. Банк қорына 1,5 млн теңге ақша салып қойдық. Міне, енді экскурсия жасап үйлерді қарап шықтық. Барлығы өте қатты ұнады, -деді Әдемі Демежанова.

Айта кетейік, күн өткен сайын құлашын кеңге жайып келе жатқан аумақта алдағы уақытта 90 көпқабатты үй мен ондаған әлеуметтік нысандар бой көтермек.

 

 

Оқу жалғастыру
Ұқсас мақалалар...

Біз әлеуметтік желілердеміз

Танымал

Пікірлер

Жоғары