Біз әлеуметтік желілердеміз

Үржарда тұратын “Ауылым” әнінің авторы әннің сөзін бұзып айтатындарға наразы

Жабайыл Бейсенов

Қоғам

Үржарда тұратын “Ауылым” әнінің авторы әннің сөзін бұзып айтатындарға наразы

Бүгін ақын ағамыздың «Ауылым» әнінің мәтінін толық, дұрыс нұсқасын жариялаймыз:

«Кіндігімінің жас қаны, тамған жерім ауылым…» деп басталатын әнді білмейтін қазақ жоқ шығар. Әнін марқұм Теміржан Базарбаев жазса, сөзі бүгінде жасы 83-ке келген Жабайыл Бейсен ақсақалдікі екенін біреу білсе, біреу білмейді. Тарбағатайдың күнгейіндегі Үржар ауылында тұрып жатқан Жабайыл Бейсен «Ауылым» әнінінің сөзін бұзып айтатындарға наразы.

– Мәселен, бірінші шумақтағы «Самғау жерім» деген тіркес «Самғаушы едім» болып, үшінші шумақтағы «Тоймен таңды атырып» деген жол «Әнмен таңды атырып», болып, төртінші шумақтағы «Жібек созған» «Желек созған» болып, соңғы шумақтағы «Көк торғындай» деген теңеу «Көк торғайдай», «Сағым буған»деген етістік «Сағым қуған» болып айтылып келеді. Осы көңілге кірбің ұялатады.-дейді көзі тірі қарт ақын.

Жалпы, Жабайыл ақынның басқа да өлеңдеріне ән жазған сазгерлер бар. Мәселен, композитор Ерболат Қызыкенов “Күнгейім менің” деген өлеңіне , Амантай Әліпов “Достық толғауы”, “Үржар вальсі”, Ахметхан Алпыспаев “Кезіп кеткім келеді” , Кентау Назарбек «Үржарым –құтты мекен», Қизат Сейітқазин «Қайран, Дәм», «Шопанай сазы» деген өлеңдеріне ән жазды.

Бүгін ақын ағамыздың «Ауылым» әнінің мәтінін толық, дұрыс нұсқасын жариялаймыз:

Кіндігімнің жас қаны

Тамған жерім ауылым.

Шабытымның асқары

Самғау жерім ауылым.

 

Жастығымның куәсі

Шұрқыраған ауылым.

Жусаны мен жуасы

Бұрқыраған ауылым.

 

Биік –биік шың –құзға

Құмар қылған ауылым.

Бүлдіршіндей бір қызға

Сыңар қылған ауылым.

 

Тоймен таңды атырып

Ән салдырған ауылым.

Сары қымыз сапырып

Тамсандырған ауылым.

 

Көк түтіні шұбалып

Жібек созған ауылым.

Ай көрмесем құмартып

Жүрек қозған ауылым.

 

Көк торғындай көктемде

Сағым буған, ауылым.

Алыс сапар шеккенде

Сағындырған ауылым.

Оқу жалғастыру
Ұқсас мақалалар...

Біз әлеуметтік желілердеміз

Танымал

Пікірлер

Жоғары