Біз әлеуметтік желілердеміз

28 жастағы жігіт 10-шы қабаттан құлағалы тұрған баланы құтқарып қалды (видео)

Оқиғалар

28 жастағы жігіт 10-шы қабаттан құлағалы тұрған баланы құтқарып қалды (видео)

Астана тұрғыны 10 қабаттан құлаған балақайды қағып алды. 24 қыркүйек күні елорда тұрғын үйлерінің бірінде болған оқиғаның бейнеролигі Instagram желісіне тарап кеткен, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Балақайды құтқарушы – 28 жастағы көрші жігіт болып шықты.

– Балконға шыққан едім. Көшеде айқайлап, жанұшырып жүрген адамдарды көзім шалды. Тереземді ашып қарасам, жоғарғы қабаттағы үйдің терезесінде балақай ілініп тұр екен. Тура маған қарап тұрды. «Көмектесіңдер!» деп қояды. Мен де ұстауға ыңғайлана бердім. Бір кезде үзілді де, құлап келе жатты. Дер кезінде қағып алып, үйге кіргіздім, – деп баяндады Артем Карев.
Қаһарман жігіттің айтуынша, балақай жеті жаста. Анасын да танитын көрінеді. Аман-сәлемдері түзу. Ал тентек ұл Артемға дала шығып серуендегісі келгенін айтыпты.

Баланың анасы 15 минутқа сыртқа шығып кеткен. Іші пысқан балақай күртешесін, малақайын, аяқ киімін киіп алып, терезенің торын пышақпен кескен. Далаға тура солай шығып кетпек болған көрінеді. Терезеден түсіп бара жатып, ілініп қалған, абырой болғанда.
Төменнен қарап тұрған ананың жағдай күрт нашарлаған, әлбетте. Оқиғадан кейін медицина қызметкерлері ана мен баланы толық тексеруден өткізді.

– 24 қыркүйек күні сағат 10.16-да балконнан бала құлап кетуі мүмкін деген хабар келіп түсті. 10.22-де құтқарушылар оқиға орына жетіп үлгерді. Алайда ол кезде ешқандай да көмектің қажеті, – деп мәлімдеді ІІД ТЖК баспасөз қызметі.

Оқу жалғастыру
Ұқсас мақалалар...

Біз әлеуметтік желілердеміз

Танымал

Пікірлер

Жоғары