Біз әлеуметтік желілердеміз

Катонқарағайда салмағы 1,5 келіден асатын картоп алынды (фото, видео)

Шығыс Қазақстан

Катонқарағайда салмағы 1,5 келіден асатын картоп алынды (фото, видео)

Катонқарағай ауданының Жамбыл ауылында

Катонқарағай ауданының Жамбыл ауылында аса ірі картоп алынды. Оның салмағы – 1,600 келі. Көлемі адамның басындай десе де болады, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Бұл туралы Нұржан Қасенов есімді желі қолданушысы Facebook –тегі жеке парақшасында жариялап отыр.

Ешқандай химиялық препарат қосылмаған, экологиялық тұрғыдан таза көкөніс жұрттың қызығушылығын тудырғаны анық. Мұндай үлкен көкөністі өсіруде ешқандай әдіс-тәсіл қолданбайды екен.

-Ешқандай ерекше әдіс- тәсіл жоқ. Ел қатарлы екі рет түптейміз, – дейді Нұржан Қасенов. -Картоптың сұрыбы қарапайым – Самайдың ақ картобы деп аталады. Катонқарағай елінде “Самайдың жері Сартепсең, Самай өлген картоштен” деген біздің ру туралы әзіл-аңыз да бар осы картопқа байланысты.

Оның айтуынша, екі жыл қатарынан аса ірі картоп шығыпты. Былтырғы картоп өнімдерінің ішіндегі ең ірісінің салмағы 1,5 келі болған.

-1,6 келілік картоп биылғы өнімнің ішіндегі ең ірісі, – дейді ол.- Осыдан 10 шақты жыл бұрын бір ағамыз қалаға көшіп кеткен, бізге көрші болған. Бақшасы 10 жыл бос тұрды. Әкем жылқының көңін сол жерге төккізетін. Енді, міне, екінші жыл қатарынан үлкен картоп шығып жүр.

Былтырғы картоп

 

Оқу жалғастыру
Ұқсас мақалалар...

Біз әлеуметтік желілердеміз

Танымал

Пікірлер

Жоғары