Біз әлеуметтік желілердеміз

Даниал Ахметов: Зырян ауданының атын Алтай деп өзгертсек дұрыс болады

Шығыс Қазақстан

Даниал Ахметов: Зырян ауданының атын Алтай деп өзгертсек дұрыс болады

Облыс әкімі аудан орталығындағы кей көшелердің де аттарын ауыстыратын кез келгенін атап өтті

Облыс әкімі Даниал Ахметов Зырян ауданының атын Алтай деп өзгертуді ұсынды. Бұл ұсынысты аймақ басшысы аудандық мәслихаттың депутаттарымен және қоғамдық емес ұйымдардың мүшелерімен кездесуі барысында айтты, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

– Алтай деген сан түрлі халықтың шыққан жері, атажұрты. Бұл мекенді тіптен адамзаттың алтын бесігі деуге де болады. Мәселен, ғалымдардың пікірінше түркі халықтарының, сондай-ақ мажарлар мен жапондардың, корейлер мен басқа да ұлттардың тарихы осы жерден бастау алған. Сол себепті, біз қандай киелі жерде тұрып жатқанымызды ешқашан ұмытпауымыз керек. Осы ретте, Зырян ауданының атын Алтай деп өзгертсек дұрыс болады деп есептеймін. Зырян жұрты менімен келісер деген ойдамын. Өйткені, бұл ең алдымен тарихымызға тағзым. Сол сияқты аудан атын өзгерту экономикалық тұрғыдан да тиімді болары сөзсіз. Неге десеңіз, Алтай – брендтық атау. Ертең бұл жерге туристер легі ағылады. Ал біз оларға тиісті жағдай жасауымыз керек, – деген облыс әкімі алдағы уақытта аудан мен оның орталығының инфрақұрылымын дамыту бағытында ауқымды жобалар жүзеге асырылатынын жеткізді.

Аймақ басшысының бұл ұсынысын жиынға қатысушылар да қызу қолдады. Мәселен, аудандық мәслихат депутаттары Лариса Гречушникова, Раиса Карагужина мен Дмитрий Фаустов бұл бағытта қажетті жұмыстар қолға алынып, халыққа түсіндіру жұмыстары жүргізіліп жатқанын атап өтті. Үстіміздегі айдың 28 жұлдызында қоғамдық тыңдаулар өтетінін, онда ауданмен қатар, елді мекендердің, көшелердің аттарын өзгерту жөніндегі мәселелер де көтерілетінін хабарлады.

Көше демекші, жиын барысында облыс әкімі аудан орталығындағы кей көшелердің де аттарын ауыстыратын кез келгенін атап өтті. Мәселен, кезіндегі қызыл империя көсемдерінің орнына Құрманғазы, Шиллер, Чуковский, Әуезов, Шекспир, Сағадат Нұрмағамбетов сияқты әйгілі адамдардың есімдері берілсе, нұр үстіне нұр болар еді деген пікір айтты.

Оқу жалғастыру
Ұқсас мақалалар...

Біз әлеуметтік желілердеміз

Танымал

Пікірлер

Жоғары