Біз әлеуметтік желілердеміз

«Semei» телеарнасына жарты миллион теңге табыс етілді

Фото автордыкі

Семей

«Semei» телеарнасына жарты миллион теңге табыс етілді

Бұл арна осы айдан бастап жаңаша бір леппен өз жұмысын бастағалы отыр

Күні кеше ғана «QAZAQSTAN» ұлттық телеарнасының құрамына кіретін «Semei» арнасы – «Отау TV» спутниктік желісіне қосылып, көпшілікті бір қуантқан еді. Енді, міне, бұл арна осы айдан бастап жаңаша бір леппен өз жұмысын бастағалы отыр. Нақтырақ айтқанда, бұрын-соңды көрсетілмеген бағдарламалардың тұсауы кесілмек. Сондай-ақ, алдағы уақытта арнаны техникалық мамандармен қамтамасыз ету мақсатында Семей Радиотехника және байланыс сондай-ақ электротехникалық колледждерінің басшыларымен әріптестік меморандумға қол қойылып отыр.

Осыған орай, қалалық мәдениет сарайында күзгі телевизиялық маусымның таныстырылымы болып өтті.


Мерекелік жиынға қаланың бетке ұстар азаматтары, болашақ журналистер және белсенді жастар қауымы қатысты. Шара барысында қала әкімі Ермак Сәлімов өзінің құттықтау сөзін сөйлеп, «Semei» телеарнасының директоры Арсен Бектасовқа 500 мың теңгенің сертификатын табыс етті.

Салтанатты кеш соңы әдемі концерттік бағдарламамен тәмамдалды.


Айта кетейік, осыдан былай «Диалог», «Бағдар» , « Жастар жолы» деп аталатын үш бірдей жаңа хабар көзі қарақты көрерменге жол тартпақ. Одан бөлек семейліктердің көзайымына айналған «Семей» жаңалықтар қызметі мен «Сәлем, Семей!», «Қала/Город» сынды бағдарламалар өзгеше форматта көрсетілетін болады.

Оқу жалғастыру
Ұқсас мақалалар...

Біз әлеуметтік желілердеміз

Танымал

Пікірлер

Жоғары