Біз әлеуметтік желілердеміз

ШҚО-дағы Бұқтырма су қоймасына көпір салынатын болды ма?

Фотосурет ашық дереккөздерден алынды

Шығыс Қазақстан

ШҚО-дағы Бұқтырма су қоймасына көпір салынатын болды ма?

Шетелдік инвестор көпірдің жобасына қызығушылық танытып отыр екен

ШҚО әкімі Даниал Ахметов Күршім ауданына барған жұмыс сапарында Бұқтырма суқоймасындағы көпір құрылысы туралы айтып берді, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Өткел мәселесін аймақ басшысымен кездесуде аудан ақсақалдары көтерген екен.

Күршім ауданында жыл сайын он мыңдаған тонна ауылшаруашылық өнімі өсіріледі. Бұл өнімді қалаларға тасымалдау үшін паром немесе айналма жол арқылы жүруге тура келетіні белгілі. Бірақ паромның бортында жолаушылар мен техниканың санына белгілі бір шек қойылған. Өткелден өту бағасы да қалтаны қағатын көрінеді. Себебі, су көлігі күнделікті 1,5 тонна дизель отынын шығындайды. Көпір салынса, уақыт та, ақша да үнемделетін еді.

Облыс әкімінің айтуынша, бүгінгі таңда шетелдік инвестор көпірдің жобасына қызығушылық танытып отыр екен. Жобалық-сметалық құжаттама әзір, барлық қажетті сараптамадан өткізілген. Ендігі кедергі болып тұрған мәселе – валюталық қатер.

-Валюталық қатер жобаның орындалуы барысында доллардың курсы өзгергенде туындайды. Мұндай тәуекелді сақтандыру екі жақтың мүддесіне нұқсан келтірілмейтініне кепіл бола алады. Қазір осы мәселені үкіметпен шешу бағытында жұмыстар атқарылып жатыр. Жақын арада шешімін табамыз деген ойдамын, – деді аймақ басшысы.

Бұдан бөлек, Күршім ауылын абаттандыруға жергілікті бюджеттен 100 млн теңге бөлінеді екен. Сондай-ақ, ауданды газдандыру да жоспарланып отыр.

 

Оқу жалғастыру
Ұқсас мақалалар...

Біз әлеуметтік желілердеміз

Танымал

Пікірлер

Жоғары