Біз әлеуметтік желілердеміз

Шығыста “жеңгетайлық” жасаған екі әйел ұсталды

Оқиғалар

Шығыста “жеңгетайлық” жасаған екі әйел ұсталды

ШҚО-да тәртіп сақшылары қалалық сауналарда «жеңгетайлық» жасаған екі әйелді ұстады, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Бірінші әйел – 56 жастағы Өскемен тұрғыны. Монша әкімшісі еркектерге интимді қызмет көрсетуші қыздарды өзі ұсынатынын мойындады.

Екінші әйел – 52 жастағы Семей тұрғыны. Сауна меңгерушісінің жасап жатқан «жеңгетайлығы» жайында полицейлерге 23 жастағы қала тұрғыны хабар берген. Сақшылар істің ізін суытпай, “STOP трафик” жедел-алдын алу шарасының нәтижесінде күдікті әйелді құрықтады.

Екі оқиға негізінде де қылмыстық кодекстің 309 бабы 2 тармағы бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмысы басталды.

 

Оқу жалғастыру
Ұқсас мақалалар...

Біз әлеуметтік желілердеміз

Танымал

Пікірлер

Жоғары