Біз әлеуметтік желілердеміз

ШҚО мәдениет басқармасы Қасым батырдың көрмесіне келмей қойды

Сурет: Дмитрий Франчук

Руханият

ШҚО мәдениет басқармасы Қасым батырдың көрмесіне келмей қойды

“Бұлай болмауы керек”,-деп ренішін білдірді ардагер журналист

Облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафтық музей-қорығында «Елімнің ертеңіне сенемін» атты көрме ашылды, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында жазушы-жерлесіміз Қасым Қайсеновтің 100, Әбубәкір Нілібаевтың 90 және Еркін Нұразханның 65 жылдықтарына арналған көрмеде не мәдениет басқармасының, не облыстық ақсақалдар кеңесінің өкілдері төбе көрсетпеді.

«Елімнің ертеңіне сенемін» атты бұл көрме музей-қорықтың сирек кітаптар бөлімі қызметкерлерінің күшімен ұйымдастырылыпты. Обалы не керек, бөлім қызметкерлерінің осынау көрмеге мұқият дайындалғаны, біраз күш салғаны байқалып тұр. Көрмеге музей-қорықтың қор коллекциясындағы жазушылардың кітаптары, мемориалдық заттары, кескіндемелік және графикалық туындылары қойылған. Десе де өңірімізден шыққан үш бірдей әйгілі де танымал тұлғаға арналған осынау көрмеде Мәдениет басқармасының өкілдерінің төбе көрсетпеуі көпшіліктің көңіліне қаяу салды.

– «Рухани жаңғыру» дегеніміз осы ма? Бұлай болмауы керек. Шығыстың ғана емес, күллі қазақтың аяулы тұлғаларына айналған жерлестеріміз тек бала-шағаға, оқушыларға ғана керек пе?, – деп ренішін білдірді ардагер журналист Жұмаділ Әділбаев.

Оқу жалғастыру
Ұқсас мақалалар...

Біз әлеуметтік желілердеміз

Танымал

Пікірлер

Жоғары