Біз әлеуметтік желілердеміз

Аягөзде ІІ деңгейлі инсульт орталығы өз жұмысын бастады

Денсаулық сақтау

Аягөзде ІІ деңгейлі инсульт орталығы өз жұмысын бастады

Енді ауыр жағдайдағы науқастар Семей мен Өскеменге тасымалданбайды

Облыс әкімі Даниал Ахметов «Туған жер» бағдарламасы аясында өткен Аягөз ауданы күнінің «Туған жер-тұғырым» атты мерекелік шарасы барысында ауданда тұңғыш рет пайдалануға беріліп отырған инсульт орталығының ашылу рәсіміне қатысты, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Жалпы, норматив бойынша аймақта 5 инсульт орталығы қызмет етуі тиіс болса, қазір облыс орталығында ІІІ деңгейлі 2 орталық және Семейде ІІ деңгейлі 1 орталық жұмыс жасап тұр. Міне енді Аягөз ауданында да ІІ деңгейлі инсульт орталығы өз жұмысын бастады. Орталық заманауи компьютерлік томограф, ультрадыбыстық аппараттар, мониторлар мен науқастарды оңалту құралдарымен толық жабдықталған. Аягөздегі аталмыш инсульт орталығына 64 кесінді компьютерлік томограф, реанимациялық және оңалту жабдықтары сатып алынбақ. Енді Аягөздегі орталықта жақын маңдағы Үржар, Тарбағатай, Жарма аудандырының 200 мың тұрғыны ем қабылдайтын болады. Аягөздегі орталық аурухана сондай-ақ, аймақтық перинатальді көмек көрсетудің ІІІ деңгейіне өтеді.

Бұл үшін бюджеттен медициналық құрал-жабдыққа 440 миллионға жуық теңге қарастырылған. Бұдан былай Аягөз және басқа жақын маңда орналасқан аудандардағы ауыр жағдайдағы науқастар Семей мен Өскеменге тасымалданбайды. Мұнда «ана мен сәби» бөлімі, сондай-ақ, «неонатальді блок» жұмыс істейді.

Бұдан өзге 440 миллион теңгеге жаңа туған сәбидің, ерте дүниеге келгендердің көзінің қарашығын толық зерттеуге мүмкіндік беретін RetCam торлы камера сияқты заманауи жабдықтар алынбақ. Сонымен қатар, жүктілік кезінде және босанудан кейінгі ана мен баланың жағдайын бақылайтын фетальды монитор да жеткізу көзделіп отыр.

Оқу жалғастыру
Ұқсас мақалалар...

Біз әлеуметтік желілердеміз

Танымал

Пікірлер

Жоғары