Біз әлеуметтік желілердеміз

АҚШ кәсіпкері қазақ жылқысының жал-құйрығын сатып аламын деп отыр

Шығыс Қазақстан

АҚШ кәсіпкері қазақ жылқысының жал-құйрығын сатып аламын деп отыр

Америкалық кәсіпкер Қазақстаннан жылқы жалын сатып алады. Одан америкалықтар сән индустриясының өнімдері мен музыкалық аспап жабдықтарын жасайтын болады деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі kazakh-tv.kz сайтына сілтеме жасап.

Сән индустриясында аса сұранысқа ие өнімдердің бірі – жылқы қылы. Бұл тауарды америкалық кәсіпкер Ашок Жалани Қазақстаннан сатып алғанды жөн көреді. Кәсіпкердің айтуынша, әр жылқыдан 200 грамнан асар-аспас қыл қиылады екен.

Бизнестің бұл саласында 20 жылдан бері табысты еңбек етіп келе жатқан кәсіпкер қылдан скрипка, виолончель ысқысын, қылқалам, әйелдерге арналған жасанды кірпік пен шаш, тіпті тіс щеткасын жасайды.

-Бізді ақжал жылқылар қызықтырады. Егер Қазақстанда екі миллионға жуық жылқы болса, соның 10-нан бір бөлігі ғана осы түстес, – дейді Ашок Жалани.

Бұған дейін Моңғолия мен Қытайдан жылқы қылын сатып алған кәсіпкер ондағы шикізаттың сапасына көңілі толмайтынын жеткізді.
-Алғашқы уақытта айына 100 келіден алсам деймін. Жақын күндері Ақтөбе, Ақмола, Қостанай облыстарын аралап, сол өңірлерден жылқының жалын сатып аламын, – дейді Ашок Жалани.

Оқу жалғастыру
Ұқсас мақалалар...

Біз әлеуметтік желілердеміз

Танымал

Пікірлер

Жоғары