Біз әлеуметтік желілердеміз

Теле2 мен Кселл «102»-ге түскен қоңырауларды «112»-ге “лақтырып” отырған

Қоғам

Теле2 мен Кселл «102»-ге түскен қоңырауларды «112»-ге “лақтырып” отырған

Қ.Қасымов: …енді “102”-ге 6 секундта хабарласасыздар.

Ішкі істер министрі Қ.Қасымов «102» қызметінің жұмысы туралы пікір білдірді. Оның айтуынша, осы уақытқа дейінгі келеңсіздіктердің өз себебі бар көрінеді. Енді «102»-ге 6 секундта хабарласа аласыз, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

– Бізге азаматтар «102»-ге хабарласа алмағандықтары жайлы көптеген шағым жолдады. Істің мән-жайын анықтадық. Біріншіден, туындаған келеңсіздіктер ұялы операторлардың жұмысына байланысты. Мысалы «Алтел» «102»-ге хабарласқан абонентті бірден 30 секунд «сөйлейтін» автожауапбергішке қосып келген. Ал «Теле2» мен «Кселл» бұл қоңырауларды белгісіз себептермен «112»-ге қосып келген. Содан кейін ғана «102»-ге жолданып келген, – деді Қасымов.

Министр тамыз айында барлық ұялы байланыс операторларымен кезігіп, мәселені талқылай келе, олқылықтың орны толғанын айтты.

– Енді біздің абоненттеріміз «102»-ге кез-келген ұялы байланыс операторынан 6 секунд ішінде хабарласа алады, – деді ІІМ басшысы.

 

Оқу жалғастыру
Ұқсас мақалалар...

Біз әлеуметтік желілердеміз

Танымал

Пікірлер

Жоғары