Біз әлеуметтік желілердеміз

ШҚО-да жасанды ұрықтандыруға жергілікті бюджеттен қаражат сұрап жатыр

Денсаулық сақтау

ШҚО-да жасанды ұрықтандыруға жергілікті бюджеттен қаражат сұрап жатыр

Квота саны аймақтағы нәресте сүйе алмай жүрген отбасылардың төрттен бір бөлігіне де жетпейді

Облыста 650 бедеу жұп тіркеуде тұр. Бұл тек ресми тіркелгендердің саны. Ал жасанды ұрықтандыруға осы жылы тек 65 квота ғана бөлініп отыр, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Квота саны аймақтағы нәресте сүйе алмай жүрген отбасылардың, тіпті, төрттен бір бөлігіне де жетпейді.

-Қалған жұптар әлі қаншама жыл квотаның кезегін күтіп отыратыны белгілі, – дейді облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Илияс Мұхамеджан. –Аймақтағы туу көрсеткіші елімізде ең төмен болып табылады. Республикалық бюджеттен ЭКҰ (ЭКО) процедурасына бөлінетін қаражат жеткіліксіз болғандықтан біз облыстық әкімдік пен мәслихатқа хат дайындап отырмыз. Жергілікті бюджеттен қаражат бөлу мүмкіндігін қарауды сұраймыз.

Оқу жалғастыру
Ұқсас мақалалар...

Біз әлеуметтік желілердеміз

Танымал

Пікірлер

Жоғары