Біз әлеуметтік желілердеміз

Аягөзде бүгін 600 орындық жаңа мектеп ашылды

Аудандар

Аягөзде бүгін 600 орындық жаңа мектеп ашылды

Қазақ мектеп-лицейінің ұжымы осыған дейін кеңес дәуірінде салынған ғимаратта отырған

Бүгін Аягөз ауданына жұмыс сапарымен келген облыс басшысы Даниал Ахметов қала ортасынан 600 орындық қазақ мектебінің ашылу салтанатына қатысты. Сондай-ақ, салтанатты шараға белгілі қоғам қайраткері, жерлесіміз Төлеутай Сүлейменов бастаған құрметті қонақтар да куә болып, жаңа мектептің лентасы қиылды, деп хабарлайды Аягөз өңіріндегі Алтайньюс тілшісі.

Осыған дейін кеңес дәуірінде салынған ғимаратта отырған қалалық қазақ мектеп-лицейінің ұжымы бұдан былай жас өркенге заманауи білім ордасында білім береді. Ашылу салтанатында сөз сөйлеген аймақ басшысы соңғы жылдары облысымызда болып жатқан мұндай жағымды жаңалықтардың әлі де жалғасын таба беретіндігін айтты:

-Бүгінде тәуелсіз Қазақстан халқының қол жеткізген асулары бір төбе. Елімізде «Рухани жаңғыру» аясында атқарылып жатқан ауқымды істер баршылық. Сондай айтулы істердің басында Тұңғыш Президентіміз, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев тұр,-деді ол,- осындай алып ғимарат, заманауи мектеп сіздер үшін, Тәуелсіз Қазақстанның бүгінгі ұландары үшін пайдлануға беріліп отыр. Бүгінгі Аягөз қаласында ашылып отырған білім ордасы соның жарқын айғағы. Сондықтан да еліміздің болашағы сендер, сабақтарыңды жақсы оқуларың керек,-дей келіп ол мектепке 4 интерактивті тақта сыйға тартты.

Құрлысқа 1 млрд теңгеден астам қаржы жұмсалған, аумағы алты мың шаршы метр жерді алып жатқан білім ордасында 30-дан астам арнайы жабдықталған заманауи сынып бөлмелері, кең де жарық спорт залы, асхана, акт залы, аудан бойынша ашылған 19 IT кабинеттің біреуі орналасқан. Аягөз қалалық қазақ мектеп-лицейінің ширек ғасыр ішінде қол жеткізген табыстары аз емес. Еліміз бойынша «Үздік білім беру мекемесі» атағын иемденеген ұжым үш рет 2002, 2012, 2016 жылдары үздік жүздіктің құрамына енген. Биылдың өзінде мектептен түлеп ұшқан 27 түлектің9-ы «Алтын белгіге», 3-еуі «Үздік аттестатқа» бітірген.

Біз әлеуметтік желілердеміз

Танымал

Пікірлер

Жоғары