Біз әлеуметтік желілердеміз

Өскеменнің 19-шы тұрғын ауданында саябақ салынады

Фото автордыкі

Өскемен

Өскеменнің 19-шы тұрғын ауданында саябақ салынады

Есенберлин даңғылының бойынан

Облыс орталығындағы 19-шы тұрғын ауданында үлкен саябақ салынады, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Айта кетсек, 19-шы тұрғын аудан – ЖМК (КШТ) ауданынан ары қарай жалғасып жатқан жаңа құрылыс аймағы. Саябақ мұндағы Есенберлин даңғылының бойынан салынады екен.

Жаңа саябақтың жалпы аумағы 3,1942 гектарды құрайды. Онда оқушыларға және мектеп жасына дейінгі балаларға арналған ойын алаңдары, ересектерге арналған спорттық алаң, лабиринт, скейтбақ, шатырлы құрылымдар, амфитеатр, суайдын, қоғамдық тамақтану нысандары, велосипед жолы болады деп көрсетілген нысанның құрылыс жоспарында.

Сондай-ақ, саябақтың аумағында автотұрақ салынып, биодәретханалар да қойылады екен.

Нысанның құрылыс жұмыстары 2018 жылдың мамыр айында басталған деп көрсетілген. Мердігер компания – «Шығыс жолдары» ЖШС. Әзірше болашақ саябақтың орнында белсенді жұмыстардың жүріп жатқаны байқалмайды. Құрылыстың аяқталуы мен нысанды өткізу мерзімі 2019 жылдың қазан айына жоспарланған.

Оқу жалғастыру
Ұқсас мақалалар...

Біз әлеуметтік желілердеміз

Танымал

Пікірлер

Жоғары