Біз әлеуметтік желілердеміз

Таэквондошыларымыз құрлықтық додадан төрт жүлде әкелді

Спорт

Таэквондошыларымыз құрлықтық додадан төрт жүлде әкелді

Бұл додаға Азияның 15 елінен 400-ге жуық таэквондошы қатысты

Шығысқазақстандық таэквондошылар Атырау қаласында мәресіне жеткен кадеттер мен жастар арасындағы бірінші ашық Азия біріншілігінен олжалы қайтты, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Еліміздің батысында өткен дүбірлі додада білікті бапкер Қайдар Қабышевтің қол астында жаттығатын төрт бірдей спортшы көзге түсті. Олардың ішінде ең айтулы жетістікке 63 келіге дейінгі салмақта өнер көрсеткен Мақсат Қаби жетті. Мақсат жарыс аясындағы барлық кездесуінде сенімді жеңіске жетіп, Азия чемпионы атағын жеңіп алды.

Сонымен қатар 53 келіге дейінгі салмақта сынға түскен Мерей Сайлаубектің де жетістігін атап өткен орынды. Өскемендік жас таэквондошы финалдық жекпе-жекте ғана қарсыласына есе жіберіп, күміс жүлдеге ие болды. Бұл салмақта бақ сынаған тағы бір жерлесіміз Бекарыс Бекенов үздік үштікті түйіндей білді.

Төртінші жүлдені қоржынымызға Руслан Хабаров салды. 59 келіге дейінгі салмақта өнер көрсеткен шығысқазақстандық спортшы қола жүлде иегері атанды.

Айта кетейік, бұл додаға Азияның 15 елінен 400-ге жуық таэквондошы қатысты.

Оқу жалғастыру
Ұқсас мақалалар...

Біз әлеуметтік желілердеміз

Танымал

Пікірлер

Жоғары