Біз әлеуметтік желілердеміз

Табысы 120 мың теңге отбасыларға “7-20-25” бойынша несие беріледі – “Баспана”

Әлеумет

Табысы 120 мың теңге отбасыларға “7-20-25” бойынша несие беріледі – “Баспана”

Әлеуметтік желілерде «7-20-25» бағдарламасына қатысуға біздің айлық ақшамыз жетпейді» деп жазып жатқандарға «Баспана» ипотекалық ұйымының басшысы Қайрат Алтынбеков жауап берді, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

– Бұл бағдарламада сатып алушыларға жеңілдік көп қарастырылған. Десе де, табыстары бұл бағдарламамен үй алуға жетпейтіні туралы жазып жатқандарды байқадым әлеуметтік желілерден. Сондықтан дұрыс түсіндіріп өтуді ұйғардым, – дейді Қ.Алтынбеков.
Оның сөзінше, бұл бағдарламаға қатысарда сатып аламын деушілердің жалақысы есептелінеді.

– Мәселен, жас жұбайлар 10 миллион теңгелік пәтер алмақ болса, олардың айлық табысы 60 мың теңгеден төмен болмауға тиіс. Сонда екі адамның айлық табысы, кем дегенде, 120 мыңды құрайды. Сонымен, 10 миллиондық пәтер алмақ болса, олар алдын ала 2 миллион теңге төлеуі керек. Қалған соманы есептегенде, ай сайын 56 мың теңгеден несиені жауып отырады, – дейді ұйым басшысы.

Ескерте кетерлігі, бағдарламаға қатысамын деушілердің еңбекақысы тұрақты, сенімді болуы керек.

Оқу жалғастыру
Ұқсас мақалалар...

Біз әлеуметтік желілердеміз

Танымал

Пікірлер

Жоғары