Біз әлеуметтік желілердеміз

Өскеменде ер адамнан жүктілік белгілері байқалып отыр

Қоғам

Өскеменде ер адамнан жүктілік белгілері байқалып отыр

Мамандар нефролог-дәрігердің тұжырымдамасына емделушінің іші жүктілік мерзіміне сәйкес ұлғайып кеткенін жазған, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі ustinka.kz сайтына сілтеме жасап.

Туыстарының айтуынша, ер азамат іші ауырған соң ауруханаға баруға мәжбүр болған. Емханада толықтай тексеруден де өткен көрінеді. Тек үйіне жетіп, тексеру нәтижелері жазылған қағазға көз жүгірткенде есіне тана жаздаған.

Амбулаторлық орталық мамандары оның іші жүктілік мерзіміне сәйкес өсіп кеткенімен қоса, ішіндегі қозғалысты сезетіндігін де жазған.

Істің мән-жайын анықтауға ШҚО Денсаулық сақтау басқармасы кірісті. Жауабын күтетін боламыз.

Оқу жалғастыру
Ұқсас мақалалар...

Біз әлеуметтік желілердеміз

Танымал

Пікірлер

Жоғары