Біз әлеуметтік желілердеміз

Аягөзде көшеден мина табылды

Шығыс Қазақстан

Аягөзде көшеден мина табылды

Айдың, күннің аманында Аягөз қаласының тұрғындары Омаров Байқоңыр мен Жанат Кемелханов деген азаматтар үйінің маңынан мина тауып алды.

Оқиға былай болған Мерей көшесі 26 үйдің тұрғыны Жанат Нұрахметұлы маңайды жинастырып кәріз жолын тарту үшін көршісі Омаров Байқоңыр ағамыздың қоршауының сыртындағы күл-қоқыстарды аударыстырып жүріп минаға ұқсас затты көреді. Сол уақытта Байқоңыр ағамыз да оқиға орнына келіп қалады. Шамамен 19:00-де 102-ге хабар түсіреді.

Өте қысқа уақытта оқиға орнына полиция, әскери полиция, басқа да тиісті құрылымдар, минаны жоюшы топ келіп, заң талаптарына сәйкес жұмыстарын бастап кетеді.

Көршілер мен аталмыш үй тұрғындары қауіпсіз жерлерге шығарылып саперлар минаны залалсыздандырып оқиға орнынан алып кетеді. Нәтижесінде ешкім ешқандай зиян шеккен жоқ.

Жердің терең қабаты деп айтуға келмейтін беткі шегінен жарылғыш затты тауып хабар берген Байқоңыр мен Жанат ағаларымыздың оғаш әркеттерге бармай қырағылығы мен мерзімінде тиісті орындарға хабарлауы марапатқа лайық-ақ.

Құдай бетін ары қылсын. Минаны танымайтын біреулер жай темір деп танып көтеріп алып кеткенде, ішінде басқа да қымбат металдар бар деп ашқан уақытта не болары, қандай оқиға орын алары белгісіз еді. Әр нәрсені қызық көретін бала-шағалар қолына түскенін ойлаудың өзі қорқынышты.

Тот басып шіри бастаған минанының қауіпті, қауіпсіздік мәселесін мамандар тексеріп шешім шығара жатар бастысы оқыс оқиға ешқандай зардапсыз аяқталғанында болып отыр.

Айтпақшы осы тектес оқиғалар өңірде бұрындары да орын алған дейді тұрғындар. Оның барлығына тоқталмай-ақ Аягөз аудандық ішкі істер органдарының «Арыздар мен хабарламаларды есепке алу бірыңғай деректер» базасында 25.06.2018 жылы аудан орталығының шетінде Ескі Майлин аталатын елді мекенде су құбырын салу үшін қазу жұмысын жүргізіп жатқан экскаваторшы Дулат Болатұлының хабарламасы келіп түскен. Минаға ұқсас заттың жатқандығы жөнінде хабарламаға сәйкес оқиға орнына барған мамандар минаның оқу жаттығуға арналған муляжын алып шығыпты.
Мұндай отты қарулар ойнайтын зат емес. Осындай отты қару, жарылғыш зат, басқа да қару түрлеріне ұқсас жайларды көріп немесе білген жағдайларда арнайы мамандарға хабарласқан дұрыс.

Жарылғыш заттарды ойсыздықпен өздеріңіз аршып аламын деген ойдан мүлде аулақ болыңыздар. Мұның зияны өз өмірлеріңізбен қоса шекті радиусқа да ауыр зардап алып келетінін ұмытпағаныңыз жөн.

Ермек Тұрсынұлы.

Оқу жалғастыру
Ұқсас мақалалар...

Біз әлеуметтік желілердеміз

Танымал

Пікірлер

Жоғары