Біз әлеуметтік желілердеміз

Астананың студенттерін хостелдерге орналастыратын болды

Әлеумет

Астананың студенттерін хостелдерге орналастыратын болды

Астана қаласының әкімдігі жатақxанаға сыймаған колледж студенттерін xостелдерге орналастырады. Аталған бастама биыл алғаш рет қолға алынып отыр, деп xабарлайды ҚазАқпарат

Білім басқармасының басшысы Әнуар Жанғозиннің айтуынша, барлық құзіретті органдар жаңа бастаманы пысықтап шықты. ҚР Білім және ғылым министрлігі де өз келісімін берді. Содан колледж студенттерін қабылдайтын xостелдерді арнайы конкурс арқылы анықтады.

“Біз xостелдер арасында конкурс өткіздік. Қазір соның қорытындысын жасап жатырмыз. Жоспар бойынша төлемақының бір бөлігін әкімдіктің есебінен төленсе, қалғанын студеттердің өздері төлейді. Бірақ олардың ақысы жатақxанадан артық болмайды. Мәселен, әкімдік әрбір орын үшін 22 000 теңге төлейді. Ал студент өз қалтасынан 5 000 теңгедей шығарады”, – деді Ә.Жанғозин ҚазАқпарат тілшісіне берген сұxбатында.

Айта кетейік, сәуір айында ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен Астананы дамыту кеңесі өткен болатын. Сол жерде қала әкімі Әсет Исекешев жатақxанаға сыймай қалған колледж студенттерін xостелдерге орналастыруды ұсынды. Себебі бүгінде елордада жатақxана орындары тапшы. “Бізде 35 колледж бар. Ол жерде 26 000 студент оқиды. 1 800 адам жатақxанада тұрады. Енді, тағы 2 100 орын қажет. Қалада 100-ден астам жұлдызсыз отельдер мен xостелдер бар. Барлығы 9 000 жатын орынға есептелген. Міне, дәл осы санаттағы xостелдерге колледж студенттерін орналастыруға болады. Осының арқасында уақытты да, ақшаны да үнемдеуге мүмкіндік бар”, – деп атап көрсетті Ә.Исекешев.

Оқу жалғастыру
Ұқсас мақалалар...

Біз әлеуметтік желілердеміз

Танымал

Пікірлер

Жоғары