Біз әлеуметтік желілердеміз

ШҚО жаңа оқу жылында оқулықсыз қалуы мүмкін бе?

Білім

ШҚО жаңа оқу жылында оқулықсыз қалуы мүмкін бе?

ШҚО-дағы жаңа оқу бағдарламасымен оқитын сыныптар үшін 1,5 миллионға жуық оқулыққа тапсырыс берілген, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

2018 жылдың қыркүйегінен бастап өңірдегі 3, 6, 8, сыныптар жаңа оқу бағдарламасына көшеді. 1 481 133 дана оқулық қатталып дайын тұр.

Естеріңізде болса, министр Ерлан Сағадиев еліміздегі бірқатар өңір жаңа оқу жылында оқулықсыз қалуы мүмкін екенін айтқан болатын. Алайда бұл мәселенің шығыс өңіріне қатысы жоқ сияқты. ШҚО білім басқармасы аудандарға кітап жеткізу жұмыстары әлдеқашан басталып кеткенін айтып отыр. 15 тамызға дейін облыстың барлық мектебі қамтамасыз етіледі.

Айта кетейік, басқармадағылар жұмыс дәптерлері бектіліген оқулықтар тізіміне кірмейтінін айтты. Олар тек көмекші материал болғандықтан, сатып алу міндетті емес.  

Оқу жалғастыру
Ұқсас мақалалар...

Біз әлеуметтік желілердеміз

Танымал

Пікірлер

Жоғары