Біз әлеуметтік желілердеміз

Колледждердегі мемлекеттік гранттар әділ бөлінуі керек

Шығыс Қазақстан

Колледждердегі мемлекеттік гранттар әділ бөлінуі керек

Бұған дейін жасыратыны жоқ, білім беру гранттарын және мемлекеттік білім беру тапсырыстарын берудегі конкурстық рәсімдер қоғамдағы жабық үдерістердің бірі болып келгені рас. Енді бұл жағдай түбегейлі өзгермек, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Осыған байланысты, еліміздегі Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі «Атамекен» ҰКП және бизнес-қауымдастықпен бірлесе отырып колледждерде мемлекеттік гранттарды әділ бөлуді қамтамасыз етпек.
Сондықтан, ағымдағы жылдың тамыз айында өңірдегі колледждерде білім беру гранттарын және мемлекеттік білім беру тапсырыстарын берудегі конкурстық комиссиялардың жұмысындағы ашықтықты қамтамасыз ету үшін облыстың әр ауданында құрылған арнайы мониторингтік топтардың мүшелері конкурстық рәсімдерге белсенді түрде қатысатын болады. Аталған топтың құрамына азаматтық қоғам, кәсіподақ, БАҚ өкілдері, белсенді кәсіпкерлер, депутаттар және «Атамекен» ҰКП кәсіпкерлік палатасының өкілдері кіреді.

Қазіргі уақытта аймақта техникалық және кәсіптік білім беретін 83 білім беру мекемесі жұмыс істеп тұрса, оның ішінде 78 мекемеге 2018-2019 оқу жылында техникалық және кәсіптік кадрларды дайындауға 5560 орын мемлекеттік білім беру тапсырысы бөлінген. Бұл бағытқа бөлінген қаражаттың жалпы сомасы 1178,700 млн теңгені құрайды.

Сонымен бірге білімге бөлінетін қаржының жыл сайын ұлғайтылып келе жатқаны, сәйкесінше оларды бөлудегі ашықтық пен әділдік мәселесін де өзекті етіп келеді. Сондықтан қоғамдық бақылаудың күшейтілуі білім беру гранттарын дұрыс бөлудегі, сондай-ақ, білім саласындағы жемқорлық көріністерінің алдын алудағы тиімді тетіктердің бірі болмақ.

Оқу жалғастыру
Ұқсас мақалалар...

Біз әлеуметтік желілердеміз

Танымал

Пікірлер

Жоғары